17.10.2016, 14:40 4406

Шымкентте қыс маусымына дайындық жұмыстары 20 қазанға дейін аяқталады

Облыс әкімдігінде өӊірдегі ауа райыныӊ құбылуына орай шұғыл мәжіліс өтіп, жекеменшік жылу қазандықтары әлеуметтік нысандарды жылытуда өз қызметін бастайтыны туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 17 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімдігінде өӊірдегі ауа райыныӊ құбылуына орай шұғыл мәжіліс өтіп, жекеменшік жылу қазандықтары әлеуметтік нысандарды жылытуда өз қызметін бастайтыны туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктіӊ хабарлауынша, соныӊ нәтижесінде, 121 білім ордасы, 65 медициналық мекеме, 36 аурухана және 12 емхана жылумен қамтамасыз етіледі. Мамандардыӊ айтуынша, жақын арада бюджеттік мекемелердіӊ де жылу қазандығы толығымен өз жұмысын бастайды. Ал қаладағы тұрғын үйлерді жылытатын орталық қазандықтары 20 қазанға дейін қыс маусымына дайындық жұмыстарын аяқтайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында жылу беру маусымына дайындық барысы қатаӊ бақылауда.

Оӊтүстік Қазақстан облысында бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына дайын. Бұл туралы 14 қазанда 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баспасөз жиынына аталған басқарманыӊ бөлім басшысы Батырша Маханов пен Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімініӊ басшысы Талғат Қасымбеков қатысты.

Басқарма басшысыныӊ мәлімдеуінше, ОҚО-да 13 қазан күні ауа-райыныӊ күрт төмендеуіне байланысты облыстық әкімдікте селекторлық мәжіліс өткізіліп, бюджеттік мекемелерге жылу беруге нақты тапсырмалар берілген. Нәтижесінде, бүгін, яғни, 14 қазаннан бастап білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы бюджеттік мекемелерге жылу беріле бастады.

"Шымкент қаласы бойынша "3-Энергоорталық" АҚ-мында 74 МВт электр қуатын өндіруде. Жылу құбырларына су толтырыла бастады. Станция жылу беруге дайын. Қаладағы қалған жылу құбырларыныӊ жөндеу жұмыстары 20.10.2016ж. дейін толық аяқталады. Жалпы жылу беру маусымына дайындық барысы бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда", - деді М.Марайым.

Баспасөз жиынында спикерлер бүгінгі жағдай бойынша, облыста 1510 білім, 951 денсаулық сақтау, 811 әлеуметтік бюджеттік мекемелері маусымға толық дайындалғанын және қажетті 170,2 мыӊ тонна қатты отын, 9,2 млн. литр сұйық отынмен қамтамасыз етілгенін хабарлады.

"Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлерден дайындалғаны 2242 (98%). Қалған тек Шымкент қаласындағы 36 үй 15 қазанға толық дайындалады", - деді Т.Қасымбеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны