05.10.2016, 11:53 5070

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шаралары сараланды

Біз әуелі қылмыстыӊ алдын алу жұмыстарын отбасы тәрбиесінен бастағанымыз абзал. Бұл ретте мектеп басшылығы тәртібі нашар, қылмысқа бейім жасөскіндермен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн", - деді қаланыӊ бас ұстазы Ж.Тажиева.

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласыныӊ әкімдігінде қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртайдыӊ төрағалығымен облыстық және қалалық прокуратура, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерініӊ мамандары қатысқан жиын өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Шымкент-қауіпсіз қала" атты жол картасы аясында бекітілген акция жиыныныда білім бөлімініӊ басшысы Ж.Тажиева баяндама жасады.

"Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардыӊ 95 пайыздан астамы мектептен тыс жерлерде жасалынып отыр. Сол себепті, білім ұяларында инспектор ұстамауды ұсынамын. Біз әуелі қылмыстыӊ алдын алу жұмыстарын отбасы тәрбиесінен бастағанымыз абзал. Бұл ретте мектеп басшылығы тәртібі нашар, қылмысқа бейім жасөскіндермен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн", - деді қаланыӊ бас ұстазы Ж.Тажиева.

Алқалы жиында шаһардағы қылмыстыӊ деӊгейін 30 пайызға төмендету туралы сөз болды. Айта кетерлігі, аталған акция аясында алдағы уақытта құқық қорғау саласыныӊ қызметкерлері тарапынан 20 дан астам рейдтік іс-шара өткізу жоспарланған. Кездесу барысында сарапшылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселеніӊ мән-жайына үӊілген сала мамандары қылмыстардыӊ көбеюіне жұмыссыздық факторыныӊ әсері бар екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, түрлі деӊгейдегі қылмыстардыӊ кешкі уақыттарда көптеу орын алатындығын айтқан мамандар қала аумағындағы түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүйелеуді, қылмыс жиі орын алатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнатып, жүйелі рейдтік іс-шараларды өткізу керектігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны