12.06.2008, 14:34 1694

Шымкентте қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының кезекті тұсаукесері өткізілді

Шымкентте қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының кезекті тұсаукесері өткізілді

Шымкент. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының кезекті тұсаукесері өткізілді. "Вторма-экология" компаниясы Шымкентте қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын салуға 7 млн евро жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеше қалалық әкімдікте қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының кезекті тұсаукесері өткізілді, оны Алматының "Вторма-экология" компаниясы таныстырды. Жаңа жобада қоқыс қоймасын тұрғызу, қоқысты сұрыптау конвейері мен оларды өңдейтін зауыт салу қарастырылған.

Икімдік басшылығы мен инвесторлардың жоба табысты жүзеге асырылады деген сеніміне қарамастан, облыстық БАҚ-тар мен жұртшылық қала басшылығының жоспарларына күмәнмен қарайды. Өйткені, кейінгі үш жылда бұл қоқыс өңдеу саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған төртінші талпыныс. Осы мерзімде ауысып үлгерген облыс орталығының үш басшысының әрқайсысы жаңа жобаның тұсаукесерін өткізгенімен, олардың біреуі де бұған дейінгі жобалардың іске аспай қалу себептерін түсіндірген емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны