17.01.2007, 14:04 3113

Шымкентте көлікті тұраққа қою ережесін бұзғандарға айыппұл түбіртектері автокөліктің алдыңғы терезесіне жапсырылатын болады

ШЫМКЕНТ. 17 қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте жол полициясы қызметкерлері көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған жүргізушілерге айыппұл түбіртектерін автокөліктің алдыңғы терезесіне жапсыратын болады , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Түбіртек көлікті тұраққа дұрыс қоймағаны үшін жапсырылатын болады. Жүргізушіні күтіп, инспектор уақытын жоғалтпауы үшін ол сол жерде акт толтырып, шақыру қағазын жазып кетеді. Және ол заң бұзушылықты бейнетаспаға түсіріп алады",-дейді ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының бастығы Сырым Абдуллаев.

Жапсырмалы айыппұл 15 қаңтардан бастап енгізілді. С.Абдуллаевтың айтуынша, қазірдің өзінде ондаған жүргізуші басқармаға келіп, айыппұлдарын төледі.

Жол полициясы басқармасының бастығының айтуына қарағанда, Шымкентте мұндай тәжірибе үнемі қолданылатын болады, бірақ әдістеме өзгеруі мүмкін. "Бүгінгі таңда бізде стационарлық бейнебақылау құралдарын орнатуға мүмкіндік жоқ, сондықтанда жылжымалы бейнекамера пайдаланамыз. Алдағы уақытта бейнебақылау құралдарын орнатамыз , сол кезде жеңіл болады",-дейді С. Абдуллаев.

Шымкенттіктердің айтуынша, қала көшелеріндегі жағдай көп жылдан бері енді ғана жақсара бастады. Жол жиегіндегі "ақылы тұрақтар" жойылды, қоғамдық көліктің жүруіне кедергі келтіретін көше бойындағы көлік саны әлдеқайда кеміді.

С. Абдуллаевтың айтуынша, егер жол полициясының техникалық жабдығы дұрыс болғанда, онда жұмыс нәтижелі болар еді. "Бізге жүру жылдамдығын анықтайтын бейнебақылау және арнаулы көлік жетіспейді", деді ол. "Ереже бойынша 93 автокөлік болуы тиіс, бізде тек 15 , бейнебақылау әр экипажда болуы керек, яғни барлығы 90 құрал болуы тиіс, бізде тек он",-дейді С.Абдуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны