17.10.2007, 15:21 2873

Шымкентте көп қабатты үйлердің тек жартысы ғана жылу қабылдауға дайын

Шымкентте көп қабатты үйлердің тек жартысы ғана жылу қабылдауға дайын.

Шымкент. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте көп қабатты үйлердің тек жартысы ғана жылу қабылдауға дайын. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Елікбай Тоқбергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Дайындық деңгейінің төмен болуының себебі, менің пайымдауымша, биыл үйлерді қысқа дайындау әдісі өзгерген. Бұрын үйлерді 1-ші ЖЭО, 2-ші ЖЭО, 3-ші ЖЭО дайындайтын. Үйлерді осы мекемелердің жұмысшылары дайындайтын. Соған сәйкес олардың саны да өте көп болды, мәселен, бір ғана 3-ші ЖЭО-да мыңдаған адам жұмыс істеді. Қазір қалада "ЛТД Тұрмыс" құрылып, үйлерді дайындаумен солар айналысады. Олар өздерімен келісім-шарт жасасқандардың үйін ғана дайындайды. Жақсы дайындайды деп айтуға болады. Ал кім де кім келісім жасамаса, олардың үйлері дайындалмайды",- деп түсіндірді Е. Тоқбергенов.

Бүгінгі күнде кесте бойынша үйлердің 98 пайызы дайын болуға тиіс, деп атап өтті Е. Тоқбергенов. "Көріп отырғанымыздай, кестеден айтарлықтай артта қалып отырмыз",- деп түсіндірді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, қыркүйектің ортасында "ЛТД Тұрмыс" ЖШС басшылығы Шымкенттің көп қабатты 1680 үйінің үштен бірі жылу беруге дайын екендігі туралы хабардар еткен болатын. Бірақ облыстық энергетика департаменті қызметкерлерінің тексеруінен кейін, үй комитеттерінің "ЛТД Тұрмыс" мекемесі қызметкерлерінің өтінішімен қол қойған үйлердің дайындығы туралы актілердің көбінің нақты ахуалға сай емес екендігі белгілі болды.

25-қыркүйекте облыс әкімі Нұрғали Ишімов көп қабатты үйлердің қысқа дайындығына қайтадан толық тексеру жүргізуді талап еткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны