22.05.2014, 20:32 3756

Шымкентте көшпелі туристік жәрмеңке ашылады

Жәрмеңке аясында "Үздік көрме экспозициясы" мен "Үздік ақпараттық-жарнамалық пакет" номинациялары бойынша байқау өтеді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік операторлары мен қонақ үй бизнесіне арналған тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Шымкентте көшпелі туристік жәрмеңке ашылады. Шара елдің алуан түрлі өңірлерінде өткізілді. Оның негізгі мақсаты ішкі туризмді дамыту, өңірлердің туристік бағыттарын ілгерілету, сонымен қатар қазақстандық туристік ұйымдарға қолдау көрсету болып табылады, деп хабарлайды комитет.

Биылғы жылы жәрмеңке жұмысына Қазақстанның барлық өңірлері, облыс әкімдіктерінің туризм басқармасы, сонымен қатар туристік компаниялар, қонақ үй кешендері, демалыс-сауықтыру мекемелері мен білім беру саласының өкілдері қатысады.

Жәрмеңке аясында "Үздік көрме экспозициясы" мен "Үздік ақпараттық-жарнамалық пакет" номинациялары бойынша байқау өтеді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік операторлары мен қонақ үй бизнесіне арналған тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны