24.10.2016, 17:06 4603

Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі өтті

Мәнерлеп сырғанау сынына 6 аймақтыӊ спортшылары, атап айтқанда, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларымен қатар, Шымкенттен жалпы саны 80-нен астам спортшы қатысты.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today -Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жарыс жалауы Шымкент қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен Олимпиада резервініӊ мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінде көтерілді. Мәнерлеп сырғанау сынына 6 аймақтыӊ спортшылары, атап айтқанда, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларымен қатар, Шымкенттен жалпы саны 80-нен астам спортшы қатысты.

Чемпионатта мәнерлеп сырғанаушылар жекелей және командалық құраммен өнер көрсетуде. Көзі қырағы төрешілер де әрбір қимылды мұқият қадағалады. Ир өӊірден келген жанкүйерлер де қолдауын аямады. Жас спортшылардыӊ қарқыны мықты.

Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты төрт күнге созылды. Қазанныӊ 24-і күні жарыс өз мәресіне жетті. Байрақты бәсеке жеӊімпаздары одан да ірі додаларға іріктеліп алынады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

2016 жылдыӊ 1 тоқсанында облыс спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 2 күміс және 2 қола медальге ие болды.

Илем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары 1 күміс медаль жеӊіп алды.

2016 жылдыӊ 1 тоқсанында облыста 5 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 - Қазақстан Республикасыныӊ спорт шебері, 176 - спорт шеберіне үміткер дайындалды.

2016 жылдыӊ 1 тоқсанында облыста 86 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. 13 облыстық, 58 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 9 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1спорттағы дарынды балаларға арналған интернат және 1 акционерлік қоғам.

2016 жылдыӊ 1 тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша облыста 5178 спорт нысандары тіркелген.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2016 жылдыӊ 1 тоқсанында 1027 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 122107 адам қатысты, оныӊ ішінде ауылды жерлерде 635 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 80398 адам қамтылған.

2016 жылдыӊ 1 тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 640815 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтыӊ қамтылуы 22,5 % жетіп отыр.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны