20.09.2016, 10:33 4217

Шымкентте "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" байқауы өтті

Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені облыстық қазынашылық департаменті атынан қатысқан "Алтын қазына" командасы жеӊіп алды.

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығыныӊ ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" байқауы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқауда мемлекеттік қызметшілер түрлі сынақтардан өтті. Ин айтып, би биледі. Мемлекеттік тілде сөйлеу деӊгейі мен іс қағаздарын жүргізудегі білімдері де тексеріліп, қиын тапсырмалар берілді. Қатысушылардыӊ өнерін мықты мамандардан жасақталған қазылар алқасы бағалады.

Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені облыстық қазынашылық департаменті атынан қатысқан "Алтын қазына" командасы жеӊіп алды. Бірінші орынды облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Жаншуақ" командасы олжаласа, 2-ші орын облыстық әділет департаментініӊ "Иділет" тобы мен Шымкент қалалық Еӊбекші ауданы әкімдігі аппаратыныӊ "Еӊбекші" тобына бұйырды. Облыстық статистика департаментініӊ "Қазына" тобы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ "Жас қырандар" тобы жүлделі үшінші орындарды бөлісті. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетініӊ ОҚО бойынша департаментініӊ "Қырандар" тобы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны