25.06.2018, 22:30 4485

Шымкентте "Миграциялық ХҚО" ашылды

Жаӊа фронт-офис Шымкент қаласындағы Нұрсат ықшамауданы, Бәйтереков көшесі, 89 үй мекенжайында орналасқан. Көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын, 100 көлікке арналған автотұрағы бар заманауи ғимарат қызмет алушыларға таӊғы сағат 09-дан кешкі сағат 18.30- дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

Шымкент. 25 маусым. Kazakhstan Today - Шымкентте "Миграциялық ХҚО" ашылды.

Енді оӊтүстік мегаполистегі еӊбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ стандартына сай ала алады. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты. Бұл еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін екінші орталық, алғашқысы осы жылдыӊ басында Астанада ашылған болатын.

Айта кету керек, соӊғы жылдары еліміздіӊ үшінші мегаполисінде шетелдік жұмысшылардыӊ елеулі ағыны байқалуда. МХҚО-да шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай ала алады: электрондық кезек, арнайы жабдықталған жұмыс орындары, профильді мамандар және ыӊғайлы жұмыс кестесі. Қызмет алушылар 1-2 сағаттыӊ ішінде медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өте алады. Сондай-ақ сақтандыру полисін рәсімдеп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ала алады. Бұрын барлығын тапсыру үшін бірнеше күн кететін.

"Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралаушы еді. Енді шетелдіктер құжаттарды бес күн бойы емес, бір күнніӊ ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ Түркістан облысы бойынша филиалыныӊ директоры Ержан Жеӊісбеков.

Жаӊа МХҚО жұмыс барысын жеӊілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерініӊ алдын-алуға жол ашады. Жыл басынан бері Қазақстанда көші-қон бағыты бойынша 267 287 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Жаӊа фронт-офис Шымкент қаласындағы Нұрсат ықшамауданы, Бәйтереков көшесі, 89 үй мекенжайында орналасқан. Көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын, 100 көлікке арналған автотұрағы бар заманауи ғимарат қызмет алушыларға таӊғы сағат 09-дан кешкі сағат 18.30- дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны