09.04.2009, 19:02 4322

Шымкентте "Нұрлы көш" бағдарламасының аясында "Асар" ықшамауданында 30 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Шымкентте "Нұрлы көш" бағдарламасының аясында "Асар" ықшамауданында 30 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Шымкент. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "Нұрлы көш" бағдарламасының аясында "Асар" ықшамауданында 30 тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Оңтүстік" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, болашақ тұрғындар, компания-оператор және мердігер ("Ақ ордасы" корпорациясы" ЖШС) арасында үшжақты келісім-шарттардың негізінде 30 тұрғын үй құрылысы басталды. "Оңтүстік" ИКК-сы мердігерге осы мақсатта 27,0 млн теңге аударды.

ҚР үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы №1126 қаулысымен бекітілген "Нұрлы көш" бағдарламасы бағыттарының бірі - Қазақстан Республикасына оралған этникалық иммигранттарды тиімді орналастыру және жәйластыру, олардың интеграциялауы болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын пилоттық жоба бойынша, этникалық иммигранттар отбасыларын орналастыру үшін Шымкент қаласында "Асар" ықшамауданында 1725 тұрғын үй салынады. Жоба қатысушыларын жұмысқа орналастыру - үй жанындағы жер телімдерінде жылыжайлар құру, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру және оларды өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үйлер мен жылыжайлардың құрылысы "Оңтүстік" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының жарғылық капиталы қаржысына жүзеге асырылады. Пилоттық жобаның қатысушыларына құрылыс үшін заем беріледі. Ипотекалық несие алу үшін және берілген заемды қайтару үшін жоба қатысушылары "Қазақстанның Тұрғынүй-құрылыс жинақ ақшасы банкі" АҚ-нда 5,5 жылдың ішінде ақша жинақтау қажет.

2009 жылы 575 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Ол үшін "Оңтүстік" ИКК" ҰК" АҚ-на 3569,95 млн теңге аударылды. Сондай-ақ, "Асар" ықшамауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 752,17 млн теңге бөлініп, жылыжайларды салу үшін 850,6 млн теңге бөлу жоспарланған.

Пилоттық жобаны уақтылы жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырмасымен "ОңтүстікҚазақстанЖоба" ("Южказпроект") жобалық институты алаңы 101 және 166 шаршы метр тұрғын үйлердің 2 типіне жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 12 ақпанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Одан басқа, Шымкент қаласының әкімдігі "Асар" ықшамауданының бас жоспары жобасын әзірлеу қызметтеріне мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізді. Жоспар бойынша магистралдық және ішкі инженерлік жүйелері мен коммуникацияларды салу бойынша жұмыстық құжаттамасы әзірленеді.

Жобаны жүзеге асыру үшін компания-оператор болып "Шымкент күрделі құрылыс" ЖШС анықталды, қазіргі таңда жоба қатысушыларымен келісім-шарттар жасалынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны