01.11.2016, 22:46 3969

Шымкентте облыстық жастар форумы өтті

Бүгін Шымкент қаласында "Болашағы жарқын Оӊтүстік жастары" өӊірлік жастар форумы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкент қаласында "Болашағы жарқын Оӊтүстік жастары" өӊірлік жастар форумы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев, аудан, қала "Жастар ресурстық орталықтарыныӊ" жетекшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарыныӊ жастар комитеттері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жастар қанаттары, республикалық, облыстық жастар ұйымдары мен облыстағы белсенді жастар және БАҚ өкілдері, барлығы 400-ге жуық азамат қатысты.

Жастар форумыныӊ жұмысына сәттілік тілеген өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев кез келген мемлекеттіӊ дамуы мен экономикасыныӊ өсуі жастардыӊ қатысуынсыз мүмкін еместігін айтып, болашағымыз жастардыӊ қолында екенін жеткізді.

Облыстық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған форумда еліміздегі мемлекеттік жастар саясатыныӊ жүзеге асырылуы мен ауыл жастарын бизнеске тарту, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтыӊ алдын алу мәселелері қаралды.

Жиын барысында осы жылдыӊ 1 желтоқсан күні Астана қаласында өтетін республикалық жастар форумына Оӊтүстік Қазақстан облысынан 102 делегаттыӊ баратыны анықталды. Сонымен қатар, жылдыӊ үздік сала мамандары облыс әкімініӊ алғыс хатымен марапатталып, үндеу жарияланды.

Кездесу соӊында жастар әкімге кәсіпкерлікпен шұғылдануға қолдау көрсету, шетелдік оқу орындарына грант бөлу, мемлекеттік қызметте сатылай өсу сынды бірқатар сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде өскелеӊ ұрпақтыӊ болашағы үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жасалынып, келешегіміз - жастардыӊ болашағына инвестиция салынып жатқанын айтты. Бос уақытты тиімді өткізу керектігін айтқан әкім жастарды спортпен айналысуға және егемендігіміздіӊ 25 жылдық мерейтой құрметіне әрбір жасты бір түп ағаш отырғызуға шақырды. Сондай-ақ, мұндай маӊызды басқосуларды жылына екі рет ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы жастар саны 800 мыӊға жуық азаматты құрайды. Бұл өз кезегінде республикамыздыӊ кейбір облыстарыныӊ жалпы халқыныӊ санынан да жоғары екенін көрсетеді. Ал облыстағы 12 жоғары және 91 орта арнаулы оқу орындарында жалпы саны 138 мыӊ студент білім алуда. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалыныӊ "Жас Отан" жастар қанатында 23 мыӊ жастар мүшесі бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны