31.07.2007, 12:46 6129

Шымкентте оңтүстікқазақстандық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы іске қатысты берілген апелляция қарала бастады

ШЫМКЕНТ. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Шымкентте оңтүстікқазақстандық балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы іске қатысты берілген апелляция қарала бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Апелляцияны қарау облыстық сотта 10 сағатқа тағайындалған болатын. Таңертеңнен сот ғимаратының маңына сотталған медицина қызметкерлерінің туыстары, ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналары мен журналистер жиналды.

Қазіргі уақытта облыстық сот ғимаратына тек процесске қатысушылардың туыстары мен адвокаттары ғана жіберілген. Агенттік тілшісінің ақпараттарына сүйенсек, сотталған медицина қызметкерлері апеллияцияны қарауға қатыспаған, себебі оларды әкелген жоқ. Сондай-ақ журналистер де сот отырысының залына жіберілмеді.

Естеріңізге сала кетейік, 27-маусымда Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы іске қатысты үкім жарияланған болатын. 16 айыпталушыға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалып, бес айыпталушыға, соның ішінде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысы Н. Тасмағамбетоваға шартты жаза тағайындалған болатын. Сол күні 40-қа жуық дәрігер - сотталғандардың таныстары мен туыстары - сот тыңдалымы өткен Ил-Фараби соты ғимаратының алдына жиналып, олардың пайымдауынша әділетсіз үкімге наразылық білдірген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны