19.01.2019, 21:41 6399

Шымкентте өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылды

2019 жылы тағы 500 қоқыс жәшігін орнату жоспарда бар. Жалпы қала бойынша 3 мыӊға жуық қоқыс жәшіктері орнатылған.

Шымкент. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шымкентте көшелер мен саябақтарда қоқыс жәшіктерін орнату бағдарламасы аясында өткен жылы 800 қоқыс жәшігі орнатылды. Олар шаһардыӊ басты 17 көшесі мен аудан ішіндегі көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда, білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде, алаӊдарда, сауда орталықтарыныӊ алдында және басқа да қоғамдық жерлерде орнатылды. Ол үшін қазынадан - 8,6 млн. теӊге бөлінген. Бұл туралы қалалық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлім етті.

Олардыӊ айтуынша, екі қоқыс жәшігініӊ арасы ережеге сай 50 метрден алшақ болмауы тиіс екен. Адамдар көп жүретін жерлерде бір жерде екі қоқыс жәшігі орнатылыпты. Бұл қоқыс жәшіктерініӊ ауқымы мен биіктігі бұрынғыларына қарағанда үлкенірек. Қар мен жаӊбыр жауғанда қалқан болатын қалпақшасы да бар.

Ал, 2019 жылы тағы 500 қоқыс жәшігін орнату жоспарда бар. Жалпы қала бойынша 3 мыӊға жуық қоқыс жәшіктері орнатылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны