28.04.2008, 18:17 27671

Шымкентте пара алды деген күдікпен ОҚО қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің бастығы ұсталды

Шымкентте пара алды деген күдікпен ОҚО қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің бастығы ұсталды

Шымкент. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -ОҚО ҰҚКД қызметкерлері ОҚО қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің бастығын ұстады, деп хабарлады журналистерге ОҚО ҰҚКД.

" ҰҚКД шұғыл тергеу тобы облыстық қоршаған ортаны қорғау территориалды басқармасының құқықты пайдалану және қызметті бақылауды жоспарлау бөлімінің бастығы 15 мың теңге мөлшерінде пара алып өз кабинетінен шыққан кезінде қолға түсірді", - деп хабарлады ОҚО ҰҚК департаментінде.

Берілген ақпарат бойынша, шенеунік бұл ақшаны коммерциялық нысандарды пайдалануға беру жөнінде құжаттарды дайындау үшін талап еткен. Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны