11.12.2007, 17:20 2868

Шымкентте пара алған деген күдікпен облыстық жер комитетінің қызметкері ұсталды

Шымкентте пара алған деген күдікпен облыстық жер комитетінің қызметкері ұсталды

Шымкент. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясының қызметкерлері облыстық жер комитетінің бас маманын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Облыстық жер комитетінің бас маманы кәсіпкер әйелден талап еткен 20 мың теңге пара алған кезінде құрықталды ", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бас маман осы ақша үшін жерді пайдалану тәртібін тексеру кезінде анықталатын заң бұзушылықтарды тіркемейтіндігі жөнінде уәде берген.

Пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны