08.12.2016, 10:38 3964

Шымкентте пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарыныӊ орындалуы туралы жиын өтті

Ғабидолла Ибдірахымовтыӊ төрағалығымен аудандарда пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарыныӊ барысы туралы жиын өтті. Сонымен қатар, қала аумағындағы белгіленбеген сауда орындарын жою жұмыстарыныӊ жағдайы туралы кәсіпкерлік бөлімініӊ есебі тыӊдалды.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарыныӊ орындалуы туралы жиын өтті,- деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Кеше қала әкімдігінде қала басшысы Ғабидолла Ибдірахымовтыӊ төрағалығымен аудандарда пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарыныӊ барысы туралы жиын өтті. Сонымен қатар, қала аумағындағы белгіленбеген сауда орындарын жою жұмыстарыныӊ жағдайы туралы кәсіпкерлік бөлімініӊ есебі тыӊдалды.

1 сұрақ бойынша:

Абай ауданы: Пәтер иелері кооперативтерін құру бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдіӊ 394-і кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Биыл қалған 41 көпқабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына тіркеу мақсатында тұрғындармен келісім хаттамалары түзілді. 12 көпқабатты тұрғын үйдіӊ топографиялық түсірілімі алынды.

Ил-Фараби ауданы: 665 көпқабатты тұрғын үйдіӊ 559-і (84 пайызы) кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Ал, қалған 106 үй бойынша жұмыстар жүргізіліп, 56 үйдіӊ техникалық төлқұжаттары дайындалды. Пәтер иелері кооперативтерін құру бойынша түрлі мекемелермен келісім-шартқа отырып, 448 көпқабатты тұрғын үйге, қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, жылу, ауыз су, кәріз жүйелерінде орын алған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтіру және үй ауласымен кіре беріс ауланыӊ санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Еӊбекші ауданы: Қала әкімініӊ тапсырмасына сәйкес, 630 үйдіӊ ішінде 22 коммуналдық үйлер болса, 514 пәтер кондоминиум нысаны ретінде тіркелген.

Осыған орай, "Күншығыс" шағынауданында 33 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жүйесі бойынша қызмет көрсететін мекеме "Пресс" ЖШС-ын көпқабатты тұрғын үйлерді басқару үшін өз жауапкершілігіне алуға ұсынды.

Қаратау ауданы: Аудан аумағында 252 тұрғын үйдіӊ 49-ы коммуналдық үйлер болып, оныӊ ішінде кондоминиум нысаны ретінде 59 үй тіркелді. Бұған дейін сервистік компаниялар тұрғын үйлерге 5 қызмет түрін көрсеткен болса, алдағы уақытта басқарушы компания үйдіӊ шатырын жөндеу, аулаларын санитарлық тазалау, жертөлені дезинфекциялау, балалар ойын элементтерін күтіп ұстау жұмыстарымен қоса 13 қызмет түрін қоса атқаратын болады.

2 сұрақ бойынша

Кәсіпкерлік бөлімініӊ басшысыныӊ міндетін атқарушы Исет Абдрахановтыӊ айтуы бойынша ретсіз сауда орындарына байланысты 180 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін арнайы белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға, жергілікті полиция қызметімен 3 626 әкімшілік хаттама толтырылып, оныӊ ішінде 3092 тұлғаға ескертулер берілген, жалпы сомасы 6 394 815 теӊге айыппұл салынып жергілікті бюджетке 2 656 552 теӊге көлемінде айыппұл өндірілді.

Жиналыс барысында қала әкімі кәсіпкерлік бөліміне жаӊа жыл мерекесіне дейін баға тұрақтылығын сақтауға тапсырма берді. Ирі, базар иелерімен кездесіп, базардағы жалдау (аренда) құнын негізсіз өсірмеуді айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны