04.05.2008, 18:32 3180

Шымкентте павлодарлық "Ертістің" футболшыларын тонап кетті

Шымкентте павлодарлық "Ертістің" футболшыларын тонап кетті

Шымкент. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Кеше кешке Қажымұқан атындағы Орталық стадионда "Ордабасы" (Шымкент) - "Ертіс" (Павлодар) футбол сайысы болып жатқан кезде қонақтардың киім ауыстыру бөлмесі тоналды. Бұл туралы журналистерге "Ертістің" бапкері Ойрат Сәдуов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бапкердің айтуынша, киім ауыстыру бөлмесінен Павлодар футболшыларының ақшасы, зергерлік бұйымдары мен қалта телефондары ұрланған.

"Бұл өте ыңғайсыз оқиға. Исіресе, өзінің қонақжайлылығымен танымал сіздердің қалаларыңызда болғаны өкінішті. Мен мұнда ылғи қуанышпен келетін едім. Мұнда жақсы қарсы алады, жақсы тамақтандырады және қалағаныңның бәрін жасайды", - деді О. Сәдуов.

Ұрлықты Ил-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері тергейтін болады. "Ордабасы" - "Ертіс" матчы қонақтардың пайдасына 0:1 болып аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны