17.09.2016, 11:51 3936

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады. Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов ішкі істер департаментініӊ қалалық бөлімшелерініӊ жұмысымен танысу барысында айтты.

Шымкент. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады. Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов ішкі істер департаментініӊ қалалық бөлімшелерініӊ жұмысымен танысу барысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері мен осы салада еӊбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету үшін Шымкент қаласынан арнайы саябақ салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сапары барысында облыс әкімі полиция бөлімшелерініӊ ғимараттарын уақыт талабына сай реттеу үшін ұсыныс енгізуді Шымкент қаласыныӊ әкімі мен тиісті құрылымдық бөлімдердіӊ жетекшілеріне жүктеді.

Сондай-ақ, қала әкімі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімшесініӊ ғимаратын жаӊадан салынып жатқан "Шымкент сити" ауданында салуды ұсынды. Бөлімшені жаӊа инфрақұрылыммен жабтықтау қажеттігін атап өткен өӊір басшысы жобаны қолдады.

ОҚО әкімі баспасөз қызметініӊ мәліметінше, сапар соӊында облыс әкімі мемлекет тарапынан тәртіп сақшыларына барынша жағдай жасалып жатқанын жеткізіп, лайықты жұмыс жасау арқылы ел сенімін ақтауды айтты.

Айта кетейік, алдағы үш жылда оӊтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері 350 дана қызметтік көлікпен қамтылатын болады. Бұл өз кезінде олардыӊ жұмыс көрсеткіштерін жақсартып, нәтижелі жұмыс жасауға сеп болады

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны