09.10.2018, 14:25 5381

Шымкентте Президент жолдауы жаӊа форматта түсіндірілді

Актив отырысында негізінен кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту, мектептер мен балабақшалар салу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жастарды қолдау мәселесі сөз болды.

Шымкент. 9 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте Президент жолдауы жаӊа форматта түсіндірілді.

Оныӊ ерекшелігі, маӊызды құжат туралы басқарма басшылары өз пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар Жолдау тармақтарына сәйкес нақты жоспарларын айтты. Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов атап өткендей, мұндай форматта өткен жиын жаӊадан тағайындалған басшыларға өздеріне жүктелген міндеттердіӊ жауапкершілігін сезінуі үшін оӊтайлы.

Актив отырысында негізінен кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту, мектептер мен балабақшалар салу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жастарды қолдау мәселесі сөз болды.

Мәселен, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Исет Ибдіраханов Шымкентте "Жол картасы-2020" бағдарламасыныӊ жүзеге асу нәтижесін айтып өтті. Оныӊ айтуынша, бағдарлама қалада мыӊдаған жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген және бұл бағытта жұмыс жалғасын табатынын айтты.

Ал, Білім басқармасыныӊ басшысы Ақерке Абылайхан хабарлағандай, келесі жылы Шымкентте 10 мектептіӊ құрылысы басталады: оныӊ екеуі - жергілікті бюджеттен, қалғаны - республикалық бюджеттен соғылады.

"Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау шығындары ІЖӨ - ніӊ 10% - ына дейін жеткізілетіндігі туралы жаӊалықты қуана қабылдадық, - деді А. Абылайхан. - Шымкентке жаӊа балабақшалар мен мектептер қажет. Сондай-ақ, келесі жылы қабылданатын "педагог мәртебесі туралы" Заӊ мұғалімдер үшін жүктемені қысқартуға, күтпеген тексерулерден қорғауға үлкен мүмкіндік бермек.

Коммуналдық сектордыӊ дамуы туралы ЭжКШ басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Аманқұлов баяндады. Оныӊ қорытындысы бойынша Шымкент қаласыныӊ әкімі халықты кәріз жүйесімен қамтамасыз етуді жоғары деӊгейге көтеру туралы тапсырма берді.

"Шымкенттіӊ барлық тұрғыны жалпы алғанда ауыз сумен қамтамасыз етілген , алайда халықтыӊ тек 46 пайызы ғана кәріз жүйесіне қосылған, - деді Ғ. Ибдірахымов. - Бұл тұрғындардыӊ жартысы өзенге немесе аулаға суды төгетінін білдіреді. Бұл мегаполис стандарттарына сәйкес келмейді".

Қала басшысы Денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Қасымовқа отбасылық амбулаторияларды ұйымдастыру мәселесін қарауды тапсырды.

"Жаӊа көпқабатты үйлердіӊ бірінші қабаттарында отбасылық амбулаториялар болуы керек, - деді әкім. - Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Бұл өте ыӊғайлы: баланыӊ тамағы ауырып қалды-бірінші қабатқа түсті. Ал ауруханалар мен емханаларға ауыр себептермен бару керек, сонда ол жақта да кезек күтпейтін болады".

Н.Қасымовтыӊ айтуынша, 2019 жылы барлық қалалық медициналық мекемелер сандық форматқа көшірілетін болады. Бір учаскелік дәрігердіӊ халықты қамту деӊгейін 2080 адамнан 1700 жылға дейін қысқарту жоспарланып отыр,

Қала әкімі аппаратыныӊ басшысы Еркеғали Илімқұлов та электронды форматта қызмет көрсету қажеттілігі туралы айтты. Осыған байланысты, қала әкімі сандық процесті жеделдетуді және осы бағытта жақында құрылған "Shymkent"ИКК-мен тығыз қарым-қатынас жасауды тапсырды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Қуатжан Жұматаевтыӊ жоспары бойынша, келесі жылы Қонаев даӊғылыныӊ құрылысы мен А-2 айналма жолын қайта жаӊарту жұмыстары басталады. 20 миллиардтан астам теӊгеге 350 көшені жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, Шымкент қаласыныӊ әкімі Елбасыныӊ Жолдауындағы мемлекеттік органдардағы формализм мен бюрократияны азайту туралы тармағын ерекше атап өтті:

"Жиналысты азайтып, атқаратын жұмысты көбейту керек! Мәселелерді телефон арқылы шешіӊіздер".

Кездесу барысында барлық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, "7-20-25" жаӊа тұрғын үй бағдарламасын кеӊінен насихаттау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны