25.10.2016, 06:29 3447

Шымкентте "ПрофМедсервис 777" емханасы ашылды

Емхана қызметкерлерініӊ кәсіби деӊгейіне күмән жоқ. Олардыӊ басым бөлігі шетелде жоғары білім алып, тәжірибесін де арттырып қайтқан көрінеді. Ал ота жасауға арналған бөлме оӊтүстіккореялық техникамен жабдықталған.

Шымкент. 24 қазан. KazakhstanToday - Шымкентте "ПрофМедСервис 777" медициналық емханасы ашылды, деп хабарлайды KazakhstanToday Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Лента қиылып, "ПрофМедСервис 777" емханасы жұмысын бастап кетті. Денсаулығына немқұрайды қарамайтын кез келген азамат осында келіп, ем-дом қабылдауына әбден болады. Ол жерде кез келген азамат толық тексеруден өтумен қатар амбулаториялық ем де қабылдай алады. Сонымен қатар ота жасауға да болады.

Емханада медициналық тексерудіӊ түр түрінен өтуге болады. Уролог, кардиолог және ЛОР дәрігерлерініӊ көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы, мұнда амбулаториялық ем қабылдауға да мүмкіндік жасалған. Вип палаталар да ойластырылған.

Емхана қызметкерлерініӊ кәсіби деӊгейіне күмән жоқ. Олардыӊ басым бөлігі шетелде жоғары білім алып, тәжірибесін де арттырып қайтқан көрінеді. Ал ота жасауға арналған бөлме еӊ заманауи оӊтүстіккореялық техникамен жабдықталған. Оныӊ жанында реабилитациялық бөлме қарастырылған, мұнда емделушілер түрлі сауықтыру іс-шараларын қабылдай алады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт денсаулығы - біздіӊ табысты болашағымыздыӊ негізі, деген болатын.

"Денсаулық сақтаудыӊ ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаӊғырту аясында біз елдіӊ барлық аумағында медициналық қызметтер сапасыныӊ бірыӊғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерініӊ материалдық-техникалық жабдықталуын бірыӊғайландыруға тиіспіз.

Негізгі басымдықтар:

Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.

Аурулар түрініӊ барынша кеӊ спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.

Профилактикалық медицина аурудыӊ алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.

"Смарт-медицина", қашықтан профилактика және емдеу, "электрондық медицина"қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерініӊ бұл жаӊа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кеӊ байтақ елде ерекше сұранысқа ие.

Біз балаларымыздыӊ денсаулығын қамтамасыз етуге жаӊа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтіӊ барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны еӊ төменгі өмір стандарттарына заӊнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маӊызды үлес болады.

Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деӊгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.

Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс.

Медициналық жоғары оқу орындары жұмысыныӊ тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маӊыз беру. Адамзаттыӊ жаӊа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек.

Жеке медицинаныӊ дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердіӊ айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.

Заӊнамалық деӊгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердіӊ халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.

Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердіӊ сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтыӊ 43%-ын құрайды",- деді Елбасы 2050 Стратегиясында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны