18.04.2007, 16:23 3173

Шымкентте прокуратура жер телімдерін беру туралы жалған құжат жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

ШЫМКЕНТ. 18 - сәуір. Kazakhstan Today. Шымкентте прокуратура қала әкімінің жер телімдерін беру туралы қаулысын қолдан жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Кazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ил-Фараби ауданы прокурорының аға көмекшісі Роман Беріков хабарлады.

"Біз Шымкент әкімінің жасанды қаулысы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, Ил-Фараби АІІБ тергеу жүргізуге жібердік",- деді Р. Беріков. Сонымен қатар, оның айтуынша, аудан прокуратурасы Ил-Фараби аудандық сотына Шымкент әкімінің 2005 жылдың 14-қазанындағы № 3281 қаулысын заңсыз деп тану туралы шағым жасады.

"Прокурордың аға көмекшісі, "2005 жылдың көктемінде Шымкенттің әкімі Ғалым Жұмжаев 49 азаматқа жер телімін алу құқығын берген №3281 қаулысына қол қойған". "Бірақ жер қатынастар бөліміне қаулыны орындау үшін әкімнің мөрімен расталған оның көшірмесі ғана келген, көшірмедегі тізімде 122 адамның аты-жөні көрсетілген",- деді Р. Беріков.

Прокуратура оңтүстік қазақстандық "ГосНПЦзем" кәсіпорынының мұрағатында жалған қаулы бойынша жер телімін берген 18 жер-кадастрлық іс жатыр. Осы жер телімдерін алуға пара беру дерегі бар ма және де жалған құжатты жасауға кімнің қатысы бар екендігі әзірге белгісіз. Мұны тергеу анықтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны