28.04.2018, 01:00 4889

Шымкентте "Шизофренияныӊ еміндегі дифференциалды диагностикасы және іріктемелі тәсілі" атты 2 - өӊірлік ғылыми - практикалық семинар өтуде

ДДҰ мәліметтері бойынша шизофрения ауыр психикалық бұзылыс болып табылады. Бүкіл әлемде бұл дерттен 21 миллионнан астам адам зардап шегеді.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - 2018 жылғы 27 сәуірде Республикалық психикалық саулық ғылыми-практикалық орталығы, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы мен ОҚО психоневрологиялық диспансерімен бірлесіп "Шизофренияныӊ еміндегі дифференциалды диагностикасы және іріктемелі тәсілі" атты 2 - өӊірлік ғылыми - практикалық семинар өтуде. "Психикалық бұзылыстары бар пациенттерге арналған терапияныӊ жаӊа мүмкіндіктері, мемлекеттіӊ қолдауы" тақырыбында бастау алған жиынға Ресейдіӊ атақты Н. И. Пирогов атындағы РҒЗМУ психиатрия және медициналық психология кафедрасыныӊ меӊгерушісі, медицина ғылымдарыныӊ докторы Андрей Шмилович арнайы келді.

ДДҰ мәліметтері бойынша шизофрения ауыр психикалық бұзылыс болып табылады. Бүкіл әлемде бұл дерттен 21 миллионнан астам адам зардап шегеді.

Оӊтүстік Қазақстан облысы облыстыӊ 14 ауданыныӊ барлығында тұратын пациенттер үшін заманауи мерзімі ұзартылған антипсихотикалық препараттар қол желтімді Қазақстандағы бірден бір облыс болып табылады. Пациентке бағдарланған осындай оӊ тәжірибені үйреніп, семинарға қатысу үшін Қызылорда, Жамбыл, Ақмола облыстарынан психиатрлар келеді. Бүгінде ОҚО бойынша 5 мыӊнан астам адам осы дертке шалдыққан. Олардыӊ барлығы дәрігерлік есепте тұрып, өмір бақи ем қабылдауға мәжбүр.

Шизофренияныӊ пайда болу себебі әрі толық зерттелмеген, дегенмен шизофрения әртүрлі жағдайдыӊ, түрлі аурулардыӊ адам психикасына әсер етуіне байланысты пайда болады деген ұғым бар. Ауру кейде ұзақ, кейде ұстамалы түрде тез өтеді. Шизофрения негізінде жоғары жүйке жүйесі қызметініӊ бұзылуынан болады. Шизофрения кезінде сандырақ, галлюцинация, еліру, мелшиіп қозғалмай қатып қалу сияқты психикалық өзгерістер аурудыӊ үдеуіне қарай күшейе түседі. Ауру күшейген кезде науқас сөйлеспейді, оныӊ ой-сезімі, түсінігі өзгереді, сөйлеген сөзі, айтқан пікірі басқаларға түсініксіз болады. Шизофренияныӊ белгілері кейде өте тез айқын білінсе, кейде өте баяу бірнеше жылдан кейін байқалуы мүмкін. Шизофрения көбіне балиғатқа толу кезінде жасөспірімдерде жиі байқалады, ешқандай себептен сабақтан үлгеруі төмендейді, мінез-құлқы өзгереді, бұрын байқалмайтын қиял, арман пайда болады. Кейде керісінше ерекше көӊілденіп, ретсіз сөйлеп, бет пішінін өзгертеді. Шизофрениямен 15 - 25 жастағы жастар, 40 - 60 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны