14.12.2018, 21:10 4554

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды

Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардыӊ, әсіресе өскелеӊ ұрпақ пен жастардыӊ құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетініӊ деӊгейін арттыру болып табылады.

Шымкент. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай айлық жарияланды.

Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардыӊ, әсіресе өскелеӊ ұрпақ пен жастардыӊ құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетініӊ деӊгейін арттыру болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімі "Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" күніне орай 27 - қараша мен 27 - желтоқсан күндері аралығын қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шараларды өткізу жоспарын бекітті.

Жоспарға сәйкес, қаланыӊ барлық аудандары мен мемлекеттік мекемелерінде "Адал апта - ісіӊе адал бол!" жемқорлыққа қарсы акция, "Адал ұрпақ" жобасы аясында білім ордаларындағы жоғарғы сынып оқушыларымен арнайы сабақтар және барлық оқу ордаларында бірыӊғай сағат, осы тақырып аясында көпшілік мәдени іс-шаралар мен спорттық турнир және көрмелер өткізілетін болады.

Бекітілген іс-шара аясында бүгінгі күнге дейін "Халықтық заӊгер" жалпы республикалық акциясы, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес - біздіӊ ортақ міндетіміз" атты үстел теннисінен спорттық жарыс және қаладағы 104 мешітте тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұдан бөлек, Шымкентте алғаш рет "Жол-көлік" колледжінде "Sanaly Urpaq" фронт-офисі ашылды.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 8 қоғамдық автокөлік жүргізушілері жауапқа тартылды

2018 жылдыӊ 3-9 желтоқсан аралығында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлікте апаттылықтыӊ алдын алу және қауіпсіздік деӊгейін арттыру мақсатында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараныӊ мақсаты жол қозғалысы ережелеріндегі құқықбұзушылықтарды алдын алуға, автобустарды пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктерден шығарылған қалдықтарда ластаушы заттардыӊ болуы нормативтен асып кетпеуін, қазіргі таӊда қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардыӊ мөлшерін азайтуға бағытталған жұмыстар іске асырылып, тиісті хаттамалар толтырылды. Ұдайы өткізілетін іс-шара оӊ нәтижелерін беруде. Іс-шара барысында жалпы 571 құқықбұзушылық анықталды, оныӊ ішінде:

- ИҚБтҚ-ніӊ 334-бабы (қалдықтарында ластаушы заттардыӊ болуы нормативтен асып кету) - 8;

- ИҚБтҚ-ніӊ 571-бабы 2-бөлігі және 3-бөлігі (жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) - 18;

- ИҚБтҚ-ніӊ 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) - 18;

- ИҚБтҚ-ніӊ 591-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) - 33;

- ИҚБтҚ-ніӊ 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) - 66;

- ИҚБтҚ-ніӊ 595-бабы (басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу) - 21;

- ИҚБтҚ-ніӊ 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) - 5;

- Көлік құралдарын пайдалануға тиым салу (айыптұраққа қою) - 5;

-Автобустық парктердіӊ лауазымды тұлғаларына қолданған әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілік саны - 4.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны