05.12.2016, 14:27 4194

Шымкентте SIS ғылыми-өндірістік орталығы ашылды

SIS ғылыми-өндірістік орталығы ізденімпаз ғалымдар мен талантты студенттер үшін керемет алаӊ. Мұнда жаӊа тиімді жобалар, озық технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте SIS ғылыми-өндірістік орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғылым мен бизнестіӊ түйіскен орталығы Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтыныӊ бас ғимаратында орналасқан. SIS жұмысыныӊ бағыты - қажетті сұранысқа ие идеялар мен жаӊа технологияларды әзірлеу және оны коммерция көзіне айналдыру. Қазір еліміздегі жалпы ішкі өнімніӊ айтарлықтай үлесін ғылымға бағыттау негізгі мақсаттардыӊ бірі болып отыр.

SIS ғылыми-өндірістік орталығы ізденімпаз ғалымдар мен талантты студенттер үшін керемет алаӊ. Мұнда жаӊа тиімді жобалар, озық технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Орталық ашылған алғашқы күнніӊ өзінде бүгінде әзірленіп жатқан жобалар таныстырылды. Орыс және ағылшын тілділер үшін қазақ тілін үйретудіӊ қосымша ұтқырлық дайындау әдістемесі ұсынылды.

Ғылым мен өндірісті ұштастыру бағытында қолға алынған жобалардыӊ бірі - жем-шөптік дақыл тұқымдарын сығымдау ісі. Тапсырысты "Дастан-45" ЖШС берген. Жобаны жүзеге асырудыӊ мерзімі де бекітілген. Сондай-ақ, орталық "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС-ніӊ "Баламалы энергия: биогаз, жарықтандыру және ауыл шарауашылығы тыӊайтқыштарын ала отырып балшық шөгіндісін кәдеге жарату" жобасын әзірлеу тапсырысын орындауға кіріскен.

Жанель Жұмалинова, SIS ғылыми-өндірістік орталығыныӊ директоры: "SIS ғылыми-өндірістік орталығыныӊ ашылуы Шымкент үшін елеулі оқиға және бұл жаӊа мүмкіндіктер. Жаӊа идеялар мен тиімді ғылыми жаӊашылдықтарды өндіріске енгізу бойынша орталықтыӊ мамандары ОҚМПИ профессор-оқытушыларымен бірлесе жұмыс жасайды. Идеялар көп, алайда оны жүзеге асыру жолдарын білмейтіндер де аз емес. Біз оларға бағыт-бағдар береміз. Өйткені бүгінде кәсіпкерлікті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Енді шетелдердегідей идея үшін қаржы алып, табысқа кенелуге мүмкіндіктеріӊіз бар."

Орталық қолға алған жобалар да тартымды. Мәселен, "2020 жылға дейін ОҚО мен Шымкент қаласыныӊ туризмін дамыту тұжырымдамасы". Келешекте жүзеге асырылатын жобалардыӊ қатарында "Инклюзивті білім: сабақ беру әдістемесін дайындау", "Бақбақтан табиғи каучук алу", "Оӊтүстік өӊірінде өсірілетін дәрілік өсімдіктерден шөп шайын өндіру технологиясын дайындау" сияқты жұмыстар бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны