14.10.2016, 16:38 5349

Шымкентте "сөйлейтін" бағдаршамдар іске қосылды

Бұл бағдаршам әсіресе, зағип жолаушылар үшін өте пайдалы. "Ақылды" бағдаршамдар жолаушыларға қай түс жанғанын, жүре беруге болатыны немесе болмайтыны туралы айтады

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында "сөйлейтін" бағдаршамдар іске қосылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл бағдаршам әсіресе, зағип жолаушылар үшін өте пайдалы. "Ақылды" бағдаршамдар жолаушыларға қай түс жанғанын, жүре беруге болатыны немесе болмайтыны туралы айтады. Кейде бағдаршамныӊ түсіне қарай бермейтін мектеп оқушылары үшін де бұл жақсы бастама болып отыр. Орталық көшелердегі бағдаршамдарға жанған түсін хабарлап тұратын қызмет түрін қосу үшін 6 млн. 800 мыӊ теӊге қаржы жұмсалыпты. Қазіргі таӊда 12 көшеге ортатылып үлгерді. Ал, жыл соӊына дейін олардыӊ саны 20-ға жетеді.

Шымкент қаласыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініӊ басшысы Қуатжан Жұматаевтыӊ айтуынша, шаһарда жолаушыларға жақсы жағдай жасау бағытында түрлі жоспарлар бар.

"Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету - міндетіміз. Елбасы Жолдауларында бұл мәселе назардан түскен емес. Сондықтан біз мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автобустар алуды да жоспарлап отырмыз. Қаладағы "сөйлейтін" бағдаршамдар да тұрғындардыӊ оӊ бағасына ие болды", - дейді бөлім басшысы.

Соӊғы жылдары Шымкент қаласыныӊ аумағы кеӊейіп, бірқатар елді мекендер қосылғаны белгілі. Сондықтан қоғамдық көліктердіӊ жетіспеушілігі байқалуда. Бұл мәселе Шымкент қаласыныӊ 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына енгізіліп, жолаушылар көлігі саласы бойынша да түрлі жобалар қолға алынуда. Қала әкімдігі жыл соӊына дейін 150 жаӊа автобус сатып алатынын да мәлімдеген. Ал, жуырда "Шымкент Bus" ЖШС құрылып, өз жұмысын бастады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны