25.01.2007, 10:19 2997

Шымкентте студенттер мен оқушыларға арналған жол жүру билеттері қайта пайда болды

ШЫМКЕНТ. 25 қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте студенттер мен оқушылар үшін қайта жол жүру билеттері енгізілді,-деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Арман Құмашев.

Оның айтуынша, Шымкентке жол жүру билеттерінің 30 мың данасы келіп түскен. Олардың 5 мыңы жағдайы төмен оқушыларға, ал қалған 25 мыңы студенттер арасында таратылмақшы. Тізімдер жасалынып жатыр.

А.Құмашевтың айтуынша, жол жүру билеттері атаулы және олар жарты жыл мерзімге арналған. Оның иесі қалалық қоғамдық көлікте жол ақысының жарты бағасын ғана төлейтін болады. Билеттер тегін таратылады.

Икімнің орынбасары жаңа жол жүру билеттерін қолдан жасау мүмкін емес дейді. Өйткені оның бірнеше қорғаныс белгілері бар. Ир билеттің өзіндік құны 46 теңге.

А.Құмашев жол жүру билеттерін енгізу арқылы оқудағы жастарға жеңілдік көрсету мәселесі шешіледі деп санайды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұл мәселе жастардың жергілікті және республикалық жетекшілермен болған кездесулерде бірнеше мәрте күн тәртібіне қойылған болатын. Өткен жылы қалалық мәслихат жағдайы төмен студенттердің жол жүру шығындарына көмек үшін 30 млн теңге бөлген болатын. Студент өзіне жәрдемақы көрсету туралы арыз жазып, егер өтініші мақұлданса, одан әрі ақша банк карточкасына аударылуы тиіс еді. Жәрдемақының көлемі айына шамамен 600 теңге болуға тиіс-тұғын. Алайда бұл схема студенттер тарапынан өтініш болмауға байланысты іске аспай қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны