10.01.2008, 11:12 1693

Шымкентте табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойды

Шымкентте табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойды

Шымкент. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи монополиялар субъектілері бірінші тоқсанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойып, міндеттеме қабылдады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма бастығының орынбасары Шырынәлі Үсенов хабарлады.

Ш. Үсеновтың айтуынша, табиғи монополиялардың 15 субъектісі тарифтерді көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп, коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар үкіметтің инфляцияны ауыздықтау және осы жылдың бірінші тоқсанында тарифтерді өсіруге жол бермеу жөніндегі бағдарламасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"1 қаңтардан бастап көптеген табиғи монополиялар субъектілері жаңа, жоғары бағаға ден қоюға тиіс болған. Алайда, олар нарықтағы бағаға қатысты ахуалдың өзгергеніне қарамастан, жаңа тарифтердің күшіне ену мерзімін 1 сәуірге дейін шегере тұруға ниет білдірді. Осы мерзімде келген барлық шығындарды олар өз мойындарына алып, бір тоқсан шығынға бата жұмыс істей беруге ұйғарды", - деді Ш. Үсенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны