11.02.2016, 11:19 3184

Шымкентте тәртіп сақшылары көліктердіӊ қосалқы бөлшектерін қолды етіп отырған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, облыс орталығында 4 адамнан құралған қылмыстық топты қолға түсірді, күдіктілер автокөліктіӊ қосалқы бөлшектерін және автокөліктегі бағалы заттарды қолды етіп отырған

Шымкент. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, облыс орталығында 4 адамнан құралған қылмыстық топты қолға түсірді, күдіктілер автокөліктіӊ қосалқы бөлшектерін және автокөліктегі бағалы заттарды қолды етіп отырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күдіктілер 1988, 1990 және 1991 жылдары туылған Шымкент қаласыныӊ тұрғындары, жұмыссыз азаматтар. Полицейлердіӊ күдіктілердіӊ 80-нен астам автобөлшектерді ұрлау деректеріне қатасы барын анықтады.

Тергеу барысында анықталғаны, жас жігіттер түн ішінде, ауа райыныӊ қолайсыздығын пайдаланып, көп қабатты үйлердіӊ алдында тұрған көліктердіӊ капоты мен салонын бұзып ашып, ондағы бағалы заттар және қосалқы бөлшектерін: волюметрлерін, аккумуляторларын, борт компьютерлерін және т.б. қолды етіп отырған. Содан соӊ ұрланған заттарды түрлі сауда нүктеліріне, қалғанын металл қабылдайтын орындарға өткізіп, ал түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын көлемі 5 миллион теӊгеден астам қаржыны құрап отыр.

Қазіргі таӊда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ екі бабымен: 188-бап "Ұрлық", 262-бап "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақ зат ретінде тәркіленген волюметрлер, аккумуляторлар, борт компьютерлер заӊды иелеріне қайтарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны