05.12.2016, 15:56 4092

Шымкентте түрік тәлімгерлерініӊ шеберлік сабағынан өткен 4 дәрігер жоғары балл жинады

И.Маймақовтыӊ мәліметінше, өткен жылы өӊірімізде 12 бала өлімі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 11-ге төмендеген. Республикалық деӊгейге шаққанда, былтыр аймағымыз бала өлімініӊ көптігі жөнінен елімізде үшінші орында болса, тиісті нәтижеге қол жеткізілгеннен кейін алтыншы орынға тұрақтады.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Оӊтүстік Қазақстан облысымен бірлескен жобалары аясында бастаған шеберлік сабағын аяқтап, оқу курсынан өткен дәрігерлерге арнайы сертификаттарын табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Делегация құрамын бастап келген TIKA төрағасыныӊ орынбасары Мехмед Сурейа Эр, еӊ алдымен, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, шеберлік сабағыныӊ оӊ нәтижелі боларына сенім білдірді.

Оӊтүстік Қазақстанға алғаш рет аяқ басқан мәртебелі мейман Мехмед Сурейа Эр аймақ басшысын 2017 жылы Түркістан қаласыныӊ Түркі әлемініӊ мәдени астанасы атануымен құттықтап, өзі қызмет ететін ұйымныӊ алдағы уақыттарда Оӊтүстікте іске асырғысы келетін туризм, білім беру салаларындағы жобалар ретімен бөлісті.

Мұнан соӊ, облыс әкімі Ж.Түймебаев пен Мехмед Сурейа Эр облыстық балалар клиникалық ауруханасыныӊ халықаралық технологиялар орталығыныӊ базасында "Ана мен бала денсаулығын сақтау" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шеберлік сабағына қатысқан 56 медицина қызметкеріне арнайы сертификат табыстап, дәрігерлердіӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Еске салайық, 2-4 желтоқсан күндері Түркияныӊ медицина саласындағы білікті дәрігерлері Дерья Буйуккайкан, Илке Мункан Акын және Айлин Ардагил Акчакая облыстағы 56 медицина қызметкеріне тәжірибе алмасу семинарын өткізген болатын. Атап айтқанда, облыстағы балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметініӊ 36 дәрігері мен 20 орта медицина қызметкеріне - неонатологтарға, офтальмологтарға, педиатрларға, акушер мамандарға, неонатальдық мейірбикелерге теориялық және практикалық дәрістер өтті. Семинар нәтижесі бойынша емтихан тапсырған мамандардыӊ 4-і жоғары балл жинап, тест сұрақтарына 90-100 пайызға дұрыс жауап берген.

Айта кету керек, Оӊтүстік Қазақстан облысында жыл санап нәрестелер өлімі азайып келеді. Облыстық балалар клиникалық ауруханасыныӊ бас дәрігері И.Маймақовтыӊ мәліметінше, өткен жылы өӊірімізде 12 бала өлімі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 11-ге төмендеген. Республикалық деӊгейге шаққанда, былтыр аймағымыз бала өлімініӊ көптігі жөнінен елімізде үшінші орында болса, тиісті нәтижеге қол жеткізілгеннен кейін алтыншы орынға тұрақтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны