25.06.2013, 15:42 3046

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі алдында ұсталып қалған сыбайласын шығарып алу үшін полиция қызметкеріне пара бермек болды, деп хабарлады сейсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінен.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі алдында ұсталып қалған сыбайласын шығарып алу үшін полиция қызметкеріне пара бермек болды, деп хабарлады сейсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінен.

Ақпаратқа қарағанда, жуық күндері арнайы операция барысында бұрын үш рет сотталған, ұйымдасқан қылмыстық топтың "Сарчук" деген 37 жастағы жетекшісі ұсталған.

Ол алдында заңсыз қару сақтағандығы үшін ұсталған топтың 33 жастағы мүшесін босатып алу үшін оперативті қызметкерге 250 мың теңге бермек болды, делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта "Сарчук" қамауға алынды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны