30.11.2016, 16:53 6785

Шымкентте "Ұлты қазақ азаматтардыӊ аты-жөнін ресімдеуді реттеу мәселелері" тақырыбында семинар-кеӊес өтті

Тегімізді түзеу - тектілік. Өмір табалдырығынан енді аттаған нәрестеніӊ аты-жөнін кеӊес дәуірінен қалған жалғаусыз рәсімдеу бүгінге буынға жүктеліп отырған міндет. Бұл адамдардыӊ жеке басына ғана қатысты емес, бұл мемлекеттік мәні зор мәселе

Шымкент. 30 қараша. Kazakhstan Today - Шымкентте Оӊтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Ұлты қазақ азаматтардыӊ аты-жөнін ресімдеуді реттеу мәселелері" тақырыбында кеӊейтілген семинар-кеӊес өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараныӊ түпкі мақсаты - тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау арқылы мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру, төлқұжаттағы тегіміздіӊ дұрыс жазылуын насихаттау және халықты құжаттандыруға жауапты мекемелердіӊ қызметімен етене танысып, кеӊес дәуірінен қалған аффикстерден арылу бағытындағы кедергілерді талқылауды көздеді.

Жиынға облыстық ономастика комиссиясыныӊ мүшелері, өӊірдегі тіл жанашырлары, облыстық әділет департаменті мен білім беру мекемелерініӊ қызметкерлері, жоғары оқу орындарыныӊ оқытушылары мен белсенді жастар, жас ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық басқарма жүйелі түрде аймақтағы ұлты қазақ азаматтардыӊ аты-жөніне байланысты мектеп оқушыларымен, жаӊадан шаӊырақ көтерген жас жұбайлармен жалпы қалыӊ жұртшылықпен тығыз байланыс жасап, үгіт-насихат шараларына ұйытқы болып келеді. Осындай игі істердіӊ нәтижесінде соӊғы үш жылда дүние есігін ашқан сәбилердіӊ басым бөлігініӊ аты-жөні қазақша "-ұлы", "-қызы" жалғауларымен жазылған. Бұл көрсеткіштер 2013 жылы - 52, 2014 жылы - 73, ал 2015 жылы - 78 пайызды көрсетіп,

"-ов", "-ова", "-ович", "-овна" сынды аффикстерсіз тегін қазақы дәстүрге сай ресімдегендер саны артып келеді. Бұл - Тәуелсіздік жемісі.

"Тегімізді түзеу - тектілік. Өмір табалдырығынан енді аттаған нәрестеніӊ аты-жөнін кеӊес дәуірінен қалған жалғаусыз рәсімдеу бүгінге буынға жүктеліп отырған міндет. Бұл адамдардыӊ жеке басына ғана қатысты емес, бұл мемлекеттік мәні зор мәселе. Аты-жөніміз бен тегіміздіӊ орынды қолданылып, олардыӊ ана тілімізде және орыс, ағылшын тілдерінде орфографиялық ереже мен әдеби нормаға сай жазылуын дұрыс жолға қоятын кез жетті. Тегіміздегі түрлі жалғаудан арылуды - құлдық психологиядан елдік мүддеге сай өзгеру деп қабыл алғанымыз жөн. Ұлы дала елініӊ ұрпағы "Мәӊгілік Елдіӊ" мызғымас құндылықтары бүгіннен бастап қалыптасатынын ескерсе дейміз", - деді қатысушылар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны