17.08.2006, 10:30 3145

Шымкентте "Вич індеті" деген алғашқы диагноз тағы жеті балаға қойылды

ШЫМКЕНТ. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкентте "Вич індеті" деген алғашқы диагноз тағы жеті балаға қойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратурадағылар хабарлады.

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен облыста үш жасқа дейінгі балалар арасында Вич індетін жұқтыруға қатысты 21 оқиға тіркеліп, олардың төртеуі қаза тапты. Оңтүстік Қазақстан облыстық бүлдіршіндердің Вич індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық істі тексеру аясында 14 баланың дертке шалдыққаны түпкілікті дәлелденіп, тағы 7 балаға осындай диагноз алғаш рет қойылды. Тергеушілер тобы сонымен бірге Вич індеті деген диагноз расталған екі бүлдіршінге қан құйылмағанын анықтады.

Ауруханада індетті жұқтрып алған балалармен байланыста болған балаларды тексеру барысында жеті балаға Вич індеті деген алғашқы диагноз қойылды. Денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, бес жасқа дейінгі тағы 20 мың, соның ішінде екі жасқа дейінгі 10 мың бала осындай тексеруден өтуге тиіс. 10-тамыздағы жағдаймен небәрі 208 баладан Вич індетіне қатысты анализдер алынды.

Облыстық прокуратураның бұқарамен байланыс жөніндегі маманы Берік Қайыповтың ақпаратына сәйкес, қылмыстық іс 2006-жылдың 14-шілдесінде қозғалған. "Қылмыстық іс қозғау жөніндегі қаулыда үш жасқа дейінгі 14 бала ауру жұқтырғаны айтылған",- деді ол агенттік тілшісіне. Иммунитет тапшылығы вирусы 11 жағдайда клиникалық көрсеткіштері бойынша тексерген кезде, тағы екі балада асырап алу үшін және анасының бастамасымен жасырын түрде тексерген кезде, ал енді бір балада қан реципиенті ретінде тексерілген кезде анықталған. Науқас балалардың бәрі қаладағы стационарларға бірнеше мәрте жатқызылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны