04.12.2007, 17:01 3332

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен дені сау балаларға арналған біріккен жаңа жыл ертеңгілігі ұйымдастырылады

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен дені сау балаларға арналған біріккен жаңа жыл ертеңгілігі ұйымдастырылады

Шымкент. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жеке тұлғалар ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен дені сау балаларға арналған біріккен жаңа жыл ертеңгілігін ұйымдастырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл идеяны біздің психолог айтты. Біз таныс кәсіпкерлерімізге бардық, олар өз кезегінде өздерінің достарын жинап, олардың барлығы бұл бастаманы қолдап, материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге уәде берді",- деп хабарлады агенттік тілшісіне балаларды СПИД-тен қорғау жөніндегі облыстық қордың атқарушы директоры.

Атқарушы директордың айтуынша, ертеңгілікті ұйымдастырудың егжей-тегжейі әзірге тек пысықталып жатыр. Ертеңгіліктің қайда өтетіндігі, оған қанша бала қатысатындығы әзірге белгісіз.

"Бірақ ертеңгілік міндетті түрде өтеді, және де біздің балаларымыз үшін өте көңілді болады",- деп сендірді атқарушы директор. "Бұл өте тамаша идея. Ертеңгілік жүргізу ВИЧ індетін жұқтырған балаларға қатысты стигматизацияны азайтуға себепші болады",- деп мәлім етті облыстық әкімшілік бөлімінің бастығы Роза Жәукімова. Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 140 бала анықталған, олардың оны қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. Сондай-ақ ВИЧ індетін жұқтырған 16 баланың анасына "ВИЧ-індеті" диагнозы қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны