26.06.2007, 16:41 3179

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала көз жұмды

ШЫМКЕНТ. 26 -маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала көз жұмды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық СПИД орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"19 -маусымда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінде Шымкентте тұратын екі жасар ұл қайтыс болды. Одан ВИЧ індеті осы көктемде анықталған", - деді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, "бала ауруханаға әл үстінде жеткізілген".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сот-медициналық сараптама қорытындысы баланың үшінші сатылы ВИЧ індетін жұқтырғаны, бактериялық жұқпалы індеттің асқынғаны, өкпесі қабынғаны, тыныс жолдары ақауының үшінші дәрежеге жеткені, жүрек ақауының асқынғаны, өкпесі ісінгені, бас минының ісінгені, бүйрек-бауыр ақауы мен басқа да бірқатар ауыр дертке шалдыққаны анықталған.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 118 бала анықталған, олардың оны қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. Сонымен бірге ВИЧ індеті 14 әйелден анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны