19.02.2008, 15:43 3524

Шымкентте жаңа қала әкімі тағайындалды

Шымкентте жаңа қала әкімі тағайындалды

Шымкент. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент әкімінің қызметіне бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Арман Жетпісбаев тағайындалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызмет хабарлады.

"Анарбек Орман қала әкімінің қызметінде көп еңбек жасап, қаланы көгалдандыру және қаланы көріктендіруге көп күш жұмсады. Алайда қазіргі кезде индустрияландыру, құрылыс, инвестиция тартуға көп көңіл аудару керек. Сондықтан, А. Жетпісбаев мамандығы бойынша экономист, меніңше бұл қызмет орнында пайдасын тигізер деп ойлаймын ", -деді облыс әкімі Нұрғали Ишімов қалалық мәслихат депутаттарына жаңа кандидатураны ұсынып.

Депутаттар А. Жетпісбаевтың кандидатурасын қолдады.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, А. Орман қала әкімдігі қызметінен өз еркімен кетті. Жақын уақытта ол қайтадан "Су ресурстары - маркетинг" ЖШС басқаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны