29.05.2013, 10:55 3213

Шымкентте жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Шымкентте жеке тұрғын үй секторында жарылыс болды. Құрылғы тұрғын үйдің маңында іске қосылды. Салдарынан баспананың қожайыны мен оның немересі ауруханаға түсті.

Шымкент. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Шымкентте жарылыс болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте жеке тұрғын үй секторында жарылыс болды. Құрылғы тұрғын үйдің маңында іске қосылды. Салдарынан баспананың қожайыны мен оның немересі ауруханаға түсті.

ОҚО ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жарылғыш затты белгісіз адамдар үйдің жанына лақтырып кеткен.

Зейнеткер өз үйінің қақпасынан шыға берісте құрылғыны басып кеткен. Жарылыс салдарынан өзі және немересі де жапа шекті.

Еске сала кетейік, дәл осындай оқиға сәуір айының басында Чапаев кентінде орын алды. Ол кезде базбіреулер қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны есіктің қоңырауына орнатып кеткен. Алғашқы жарылысқа кінәлі әзірге анықталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны