11.12.2007, 13:05 1715

Шымкентте жедел жәрдем қызметі компьютерлік басқаруға көшірілді

Шымкентте жедел жәрдем қызметі компьютерлік басқаруға көшірілді

Шымкент. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жедел жәрдем станциясында орнатылған "АДИС" автоматтандырылған басқару жүйесінің тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шымкенттегі жедел жәрдем қызметінің диспетчерлік қызметін компьютермен жабдықтау Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласына заманауи сандық технологияларды енгізудің бірінші жобасы болды", -деді тұсаукесер рәсімде Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник.

В. Дудниктің айтуынша, "АДИС" автоматтандырылған басқару жүйесі оператордың науқаспен әңгімесін толық жазып алуға, шақыруды шалғайдағы шағын станцияларға жеткізуге, дәрігерлер тобының халыққа жедел жәрдем көрсету барысын бақылауға мүмкіндік береді. Шақыруды өңдеген кезде жүйе суреттелген ауру белгілері бойынша алдын-ала диагноз қоя алады және науқастың осындай мәселемен бұдан бұрын көмекке жүгінген-жүгінбегені жайлы ақпар бере алады. Мәліметтерді талдау негізінде жүйе диагноз қою мен алғашқы жәрдем көрсету барысындағы қателіктерді анықтай алады. Мәліметтер базасы он жылға дейін сақталады.

"АДИС" автоматтандырылған басқару жүйесі орталық жедел жәрдем станциясында және қаладағы барлық станцияларда 1-желтоқсаннан бастап жұмыс істейді. Шымкент Қазақстан бойынша осындай жабдық орнатылған және мәскеулік мамандар жасаған бағдарламалық қамтамасыздығы бар Астанадан кейінгі екінші қала болды.

В. Дудниктің хабарлауынша, жедел жәрдем станциясында автоматтандырылған басқару жүйесін орнатуға 7 млн теңге жұмсалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны