08.12.2012, 12:00 2675

Шымкентте "Жемқорлыққа қарсы" форумы өтті

Шымкентте "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа қарсы" форумы өтті. Бұған дейін осындай шара аудандарда өткізілген болатын.

Шымкент. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте "Жемқорлыққа қарсы" форумы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа қарсы" форумы өтті. Бұған дейін осындай шара аудандарда өткізілген болатын.

Партия филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үрдісіне азаматтық қоғамның барлық тобын тартуды, қоғам мен билік арасындағы сұхбат алаңын кеңейтуді және осы іске жастарды жұмылдыруды жөн санайды. Ол үшін қоғамдық қабылдаулар өткізіп, әлеуметтік зерттеулер жүргізген. Сауалнамаға қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді тәсілі ретінде электронды үкімет пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жандандыруды, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша БАҚ өкілдерінің журналистік зерттеулерді жүргізуіне қолдаулар көрсетуді, партиялық бақылау посттарының жұмысын жандандыруды айтқан. Облыста 569 партиялық бақылау бекеттері құрылған. Ал партияның қоғамдық қабылдау бөліміне жыл басынан бері 96 азамат сыбайлас жемқорлыққа қатысты арыз айтыпты. 67 шағым оң шешіліп, 29 арыз құқық қорғау оргындарының бақылауына алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны