17.09.2016, 10:50 4299

Шымкентте жыл сайын лизингке 300 жолаушылар автобусы сатып алынады

Қала әкімініӊ тікелей басшылығымен қала тұрғындарыныӊ қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру бағытында да бірталай жобалар жүзеге асуда.

Шымкент. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қала әкімініӊ функциялары мен міндеттерініӊ орындалуы туралы Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Есепті жиынға облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Садыр, халық қалаулылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында шаһар басшысы өткен жылы қала экономикасына жан-жақты талдау жасалынып, қаланыӊ 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы дайындалғандығын жеткізді. Осылайша, жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін қаланыӊ 2016 жылғы бюджетіне жаӊадан 68 жоба (16,3 млрд.теӊге жоспарланған) енгізілгендігін айтып өтті.

Осы жылдан бастап әкімдіктіӊ жұмыс жоспарына қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу, қала тұрғындарыныӊ қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру және қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция мен туристердіӊ санын арттыру міндеттері қойылып отыр.

Осы мәселелерді толық қамтыған қала әкімініӊ есебіне қалалық мәслихат депутаттары оӊ баға берді. Баяндамасыныӊ соӊында шаһар басшысы Елбасы Н.Назарбаевтыӊ сындарлы саясатыныӊ арқасында жыл өткен сайын үшінші мегаорталық--Шымкент қаласы бюджетініӊ өсіп келе жатқандығын айта келе, "Президент тапсырмасыныӊ жоғары деӊгейде орындалуына бар күш-жігерін сала қызмет етемін",- деді

Атап айтар болсақ, "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 нысанныӊ құрылысына 7,4 млрд.теӊге бөлініп, қазіргі таӊда барлық нысанныӊ мердігерлері анықталып, 3,1 млрд.теӊгесі игерілді. Ал, халықты инженерлік жүйелермен қамту бағытында қала тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз сумен 85, канализация жүйелерімен 41, газбен 86, ал, сапалы электр қуатымен 84 пайызға қамтылған. Биылғы жылы барлығы 47 инженерлік жүйелердіӊ құрылысына 18,6 млрд.теӊге қаржы бөлінді.

Осы уақыт ішінде шаһарда 9 ауыз су құбырыныӊ құрылысы жүргізіліп, биыл оныӊ 7-уі пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 98 мыӊ халық ауыз сумен қамтылады. Ал, электрмен қамтамасыз ету бағытында 10 жобаныӊ құрылысы жүргізіліп, оныӊ алтауыныӊ құрылысы аяқталды. Осылайша бұл көрсеткіш 84 пайыздан 88 пайызға өсті. Газбен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген 8 жобаныӊ 4 жобасы аяқталып, ел игілігіне берілді. 64 мыӊ халық орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған.

Жасыл қала құру үшін шаһарға қосылған Мәртөбе, Сайрам елді мекендеріндегі саябақтарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 22 жаӊадан қосылған елді мекендерді қамтыуда. Сонымен қатар, Бадам, Қошқар ата өзендерініӊ жағалауын көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала тұрғындары үшін транспорт саласына бірқатар жұмыстар атқарылуда. 1 жаяу жүргіншілер өткелі, 9 магистралды көшені қайта құру, 5 елді-мекенніӊ көшелерін қайта құру, 1 жол өткелін қайта құру, 59 көшені күрделі және 98 көшені орташа жөндеу, 47 тротуар салу, 20 бағдаршам орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, қаланы 5 жерінен жол айрықтыӊ жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Құрылысы келесі жылы бастау жоспарланған.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеӊберінде қалалық әкімдік пен "Green bus Company" ЖШС-мен бірлескен автопарк ашу жөнінде меморандумға қол қойылды. Қазіргі таӊда, бірлескен "Шымкент Bus" компаниясы құрылып, жыл сайын лизинг арқылы 300 жаӊа автобус алу жоспарлануда. Қала әкімініӊ тікелей басшылығымен қала тұрғындарыныӊ қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру бағытында да бірталай жобалар жүзеге асуда. Бұл ретте жергілікті полиция қызметіне "квадрокоптерлер", велосипедтер, автокөліктер берілді. Ирі қала көшелері мен аулалары жарықтандырылды. Қалада жол көлік оқиғаларыныӊ алдын-алу мақсатында 23 мектепке баратын тротуар, көше қиылысына бағдаршам, мектеп аумағынан жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам, жол кедергілер орнатылды.Қала тұрғындары үшін баспана еӊ өзекті мәселе. Осыған орай, ағымдағы жылдыӊ 6 айында іске қосылған тұрғын үй көлемі 165,3 мыӊ шаршы метрді құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊінен 3 есеге өскен. Ал, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында қалада білім

нысандарына қажеттілікті шешу үшін жұмыстар істелінуде. Нәтижесінде, биылғы жаӊа оқу жылында 2 жаӊа мектеп, 3 мектепке қосымша құрылыс салынып, 2 700 орын пайдалануға берілді. Қалада зиялы қауым өкілдерініӊ ұсынысымен бірнеше жаӊа іс-шаралар өткізілді. Спорт саласында биылғы жылы Бразилияда өткен жазғы олимпиада ойындарына 3 спортшымыз қатысып, жеӊімпаздардыӊ алғашқы ондығына енді. Ирі, "жоғары спорт шеберлігі" спорт мектебі ашылып, онда жекпе-жек, күрес, интеллектуалды ойын түрлерінен кәсіби спортшыларды дайындай бастады.

Айрықша атап өтерлігі, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында "Shymkent Bike" жобасы жүзеге асырылды. Биылғы жылы қалада 200 волесипедке арналған 40 велостанция жоспарланып, қазіргі таӊда 32 станция орнатылды.Одан бөлек, қала тұрғындары үшін 10 жерден "Street workout" пен шұғылдануға арналған алаӊшалар ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 4 жерден ашылды. Келесі маӊызды мәселеніӊ бірі - жұмыссыздық. Бұл бағытта қаламызда "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 8 айда 12415 адам қамтылды. Ал, мемлекеттік қызметті ұсыну барысында қала әкімі аппараты мен бөлімдерде "Ашық әкімдік" бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламаны іске асыру үшін "фронт офис" (бірыӊғай кеӊес) құрылады. Мектептер мен балабақшаларға "электронды бақылау" ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары басталды.

Қала дамуы үшін маӊызды міндет - қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция мен туристердіӊ санын арттыру. Бұл бағытта қалалық әкімдіктіӊ ұйымдастыруымен Польша елініӊ "VecoPolyEnergy" компаниясы Шымкент қаласында қоқыс өӊдеу зауытын салу үшін келіссөздер жасалуда. Қалада кіші және орта бизнесті ынталандыру бағытында "еӊ үздік бизнес идеяларды" іріктеу үшін "Innovation" байқауы ұйымдастырылды.

Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына және "ЭКСПО -2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне өӊірлік дайындық аясында да бірқатар ауқымды жобалар қолға алынды. Соныӊ бірі, "Shymkent Tau Fest -2016" фестивалі. Қала көркі кіреберістен басталатындықтан, бірінші кезекте әуежай, темір жол вокзалынан келетін және қаланыӊ орталық көшелерін көріктендіру жұмыстары басталды. Осыған орай, "Тұлпар" көлі маӊында жеке инвестор есебінен "Жайлаукөл" демалыс аймағы ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны