29.10.2007, 14:36 2712

Шымкентте жылыту маусымы 1-қарашада басталады

Шымкентте жылыту маусымы 1-қарашада басталады.

Шымкент. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жылыту маусымы 1-қарашада басталады. Бұл туралы бүгін әкімшіліктегі таңертеңгі жоспарламада қала әкімі Анарбек Орман мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жылыту маусымы 1-қарашада басталады. Бүгінгі күнде көп қабатты үйлердің барлығына дерлігі жылу қабылдауға дайын: олардың 919 "ЛТД Тұрмыс" ЖШС қызметкерлерінің күшімен, ал 713 тұрғындардың өз күштерімен дайындалды",- деп хабардар етті Шымкенттің әкімі.

Ол, 734 көп қабатты үйге су тиекке дейін жіберілді, деп қосты. А. Орман сондай-ақ, 32 үйге бюджет есебінен сынақ ретінде берілетін жылу сапасын бақылауға арналған жылу қуатын есептегіш орнатылғандығын хабарлады.

Қаланың бұрын 1-ші ЖЭО мен 2-ші ЖЭО-нан жылытылып тұрған учаскелерін жылумен үстіміздегі жылы 3-ші ЖЭО қамтамасыз етуге тиіс болған, жылу беру әзірге мүмкін емес. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментіндегілер агенттік тілшісіне жылу құбырында жүргізіліп жатқан монтаждау жұмысы әлі жалғасып жатқандығын хабарлады. "Біздің пайымдауымызша, әзірге жылу беру мүмкін аудандарға берілгенше, монтаждау жұмысы да аяқталып қалады. Болмаған күнде мердігерлер жұмысты 10 - 15 күн ішінде аяқтауға уәде беріп отыр",- деп хабарлады Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің қызметкері.

Бұрын хабарлағанымыздай, құбырларды төсеумен айналысып жатқан "Гражданпромстрой Юг" фирмасының бастығы қазанның ортасында су құбырларын монтаждау жұмысы 1-қарашада аяталады, деп сендірген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны