07.10.2008, 15:19 1483

Шымкентте жылу құбырын тарту мерзімі созылып кетті - телеарна

Шымкентте жылу құбырын тарту мерзімі созылып кетті - телеарна

Шымкент. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте құбырлардың дер кезінде жеткізілмеуіне байланысты жылу құбырын тарту мерзімі созылып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

"Құбырлар 5 қазаға дейін тартылып аяқталуға тиіс болған, алайда, құбыр жетіспейтін болып шықты. Қажетті 2 300 метрдің орнына жартысы ғана тартылған", - деп хабарлайды телеарна. Биыл екі қосымша насос станциясын салып, екі шақырымнан аса құбыр тарту жоспарланып, оған бюджеттен 1 млрд астам теңге бөлінген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны