17.10.2007, 16:52 2832

Шымкентте жылу құбырларына жүргізіліп жатқан монтаждау жұмысы 1-қарашадан бұрын аяқталмайды

Шымкентте жылу құбырларына жүргізіліп жатқан монтаждау жұмысы 1-қарашадан бұрын аяқталмайды.

Шымкент. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттің үштен бірі жылу алатын 3-ші ЖЭО-нан қорғасын зауытына дейін созылып жатқан жылу құбырларына жүргізіліп жатқан монтаждау жұмыстары 1-қарашадан бері аяқталмайды. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Елікбай Тоқбергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мердігер - "Гражданпромстрой Юг" фирмасы ЖЭО-нан қорғасын зауытына дейін созылып жатқан жылу құбырларына жүргізіліп жатқан монтаждау жұмыстарын 1-қарашаға дейін аяқтауға уәде беріп отыр",- деп хабарлады Е. Тоқбергенов.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры журналистерді жылу трассасына құбырлар тасымалдаудағы кешеуілдеу оқиғалары жойылды, деп сендірді.

"Құбырларды тасымалдау мәселесі іс жүзінде шешілді. Бүгінде 21 ашықырым 474 метр құбыр алынған, оның 19 шақырымы төселген. Толық дайын болуға тағы үш шақырым төсеу қалды",- деді ол.

Бұрын облыстық қысқа дайындық штабының отырысында 3-ші ЖЭО басшысы ЖЭО өзі жылу беруге 1-қарашада дайын болатындығын хабарлаған болатын. "Біз 1-қарашаға дайындалудамыз, себебі өткен жылы жылыту маусымы осы уақытта басталған",- деген болатын "Энергоцентр-3" АҚ басшысы Нұрлан Қуатов. Облыс әкімі Нұрғали Ишімов қарашада суық басталып кетуі мүмкін екендігін атап өткен. Бірақ әзірге Оңтүстік Қазақстанда ауа райы жылы, күндіз ауаның температурасы 20-21 градус жылылықты көрсетіп тұр.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы Шымкенттің жылыту кестесі өзгертілген болатын. "ПК Южполиметалл" АҚ иелігіндегі 1-ші ЖЭО мен 2-ші ЖЭО қызмет көрсетуінен бас тартып, 3-ші ЖЭО бүкіл қаланы жылытуға жұмылдыру туралы шешім қабылданған болатын. Ол үшін қаланың оңтүстік жағын 23 шақырым құбыр төсеп, 3-ші ЖЭО қосу қажеттігі туындаған болатын. Жұмыс маусым айында басталған, жұмысты аяқтау қазанға жоспарланған болатын, бірақ құбыр тасымалдау кестесінің үзілуіне байланысты жылу трассасы дер кезінде пайдалануға берілмей отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны