04.01.2008, 17:46 3467

Шымкентте жүзге жуық үй газ бен жылусыз қалды

Шымкентте жүзге жуық үй газ бен жылусыз қалды

Шымкент. 4 қаңтар."Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ құбырындағы ақау салдарынан жай үйлер секторындағы жүзге жуық үй газ бен жылусыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаладағы апаттық қызметке сілтеме жасап.

Қызметтің ақпаратына сәйкес, "бүгін 14 сағат 35 минутта бір автокөлік қалалық мұнайбазасының маңында халықты газбен қамтамасыз ететін газ құбырына соғылған. Соның салдарынан жай үйлер секторындағы табиғи газбен жылытылатын жүзге жуық үй газ бен жылусыз қалды".

Апаттық қызметтің хабарлауынша, "зақымды жою жұмыстарына жөндеуші мамандар тек ертең таңертең ғана кірісе алады".

Ал түнде Шымкентте ауаның температурасы 12 градус аязға жетпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны