02.10.2008, 15:50 2569

Шымкенттегі Абай атындағы саябақтағы ағаштар қалалық әкімдіктің бастамасымен кесілуде

Шымкенттегі Абай атындағы саябақтағы ағаштар қалалық әкімдіктің бастамасымен кесілуде

Шымкент. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттегі Абай атындағы саябақтағы ағаштар қалалық әкімдіктің бастамасымен кесілуде, онда халықаралық дәрежедегі теннис корты салынады, алаңқайды тазарту үшін 300 ағаш кесілді. Бұл туралы қала әкімі Арман Жетпісбаев журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Құрылыс алаңында үш жүзден астам ағаш кесіледі. Жобаға сәйкес алдағы уақытта одан екі есе артық декоративтік ағаштар отырғызылуыға тиіс",- деді әкім. Құрылысқа арналған қаржы қалалық бюджеттен шығарылады.

Абай атындағы саябақты реконструкциялау аясында онда этноауыл мен Абай мұражайын салу да жоспарланған, деді қала әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны