17.07.2007, 11:03 2457

Шымкенттегі аудандық сот жолдардың сапасыздығы үшін өкіметке наразылық білдірген жүргізушінің шағымын қанағаттандырмай тастады

ШЫМКЕНТ. 16 шілде. Kazakhstan Today. Шымкенттегі аудандық сот жолдардың сапасыздығы үшін өкіметке наразылық білдірген жүргізушінің шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне шағым иесі Мусатай Бектасов хабарлады.

"Ил-Фараби аудандық сотының судьясы Жанат Асанова бұл істі екі айдай қарап, шағым иесі мен жауап беруші жақтың уәждерін тыңдады. Ол мен келтірген дәлелдер шағымдағы талаптарды қанағаттандыруға жеткіліксіз деп тапты", - деді М. Бектасов.

Шығымданушы аудандық соттың шешіміне қарсы жоғарғы сатылы сотқа шағымдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. "Бір апта өтсе де , шешім әлі дайын емес. Шешім шыға сала алып, судьяның қандай байламды басшылыққа алғанын қараймын. Дауды одан әрі жалғастыру жөніндегі мәселені осыдан кейін шешемін", - деді М. Бектасов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы жылдың сәуір айында адвокат Мусатай Бектасов облыстық және қалалық әкімшіліктің транспорттық қызметтеріне қатысты сотқа шағымданған, ол жолдардың сапасыздығы көлігінің бұзылуына апарып смоқты деген уәж айтқан. Өз шағымына ол автосервистің актісі мен есебін қоса тапсырған. Адвокат көлігін жөндеуге жұмсаған 39 мың теңге мен моральдық шығынның өтеміне 3 млн теңгені өндіріп беруді талап еткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны