02.06.2008, 12:28 1640

Шымкенттегі бағытты таксилер жұмыс істей береді

Шымкенттегі бағытты таксилер жұмыс істей береді

Шымкент. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қала басшылығы бағытты таксилердің қаладағы маршруттарға қызмет көрсетуі жөніндегі келісім-шарттарын әзірге бұзбайды. Бұл туралы Шымкент әкімі Арман Жетпісбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биыл "ГАЗель" көліктері әзірге қалада қала береді", - деді А. Жетпісбаев. Ол қала әкімдігінің жол қозғалысын қайта құру жоспарлары жөнінде ештеңе айтқан жоқ. Икім сондай-ақ, қалалық көліктегі жолақы құнының дәл қай күннен бастап көтерілетіні туралы тіс жарған жоқ. "Изірге, шамамазша бағаны ұстап отырмыз", -деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір ай бұрын қала әкімінің бұрынғы орынбасары Арман Құмашев мамырдағы мерекелерден кейін "қаладағы қалған шағын автобустардың 26 бағыты автобустармен алмастыру үшін тендерге қойылады" деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, автобустар мен бағытты таксилердегі жолақы құны жанар-жағармай бағасы тұрақтанған соң көтеріледі", деп мәлімдеген.

Ал осыдан бірнеше күн бұрын А. Құмашев қала әкімінің орынбасары қызметінен кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны