02.06.2008, 12:07 1399

Шымкенттегі ірі құрылыс жобалары белгісіз уақытқа тоқтатылды - қала әкімі

Шымкенттегі ірі құрылыс жобалары белгісіз уақытқа тоқтатылды - қала әкімі

Шымкент. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қаржылық қиындықтарға байланысты инвесторлар өткен жылы тұсаукесері жасалған ірі құрылыс нысандарын салу жөніндегі өз уәделерін орындаған жоқ. Бұл туралы Шымкент әкімі Арман Жетпісбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Оңтүстік Кореяның NOASON компаниясы ипподромды жаңалау жобасын жүзеге асырады деп үміттенеміз, өйткені, олар акциялардың мемлекеттік қоржынын сатып алуға алдын-ала ақы төледі", - деді А. Жетпісбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жылдың ақпан айында Оңтүстік Кореяның компаниясымен Шымкент ипподромын жаңалау жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылған. Жоба құны $100 млн құрауға тиіс болған. Жұмыстар өткен жылдың наурыз айында басталып, осы жылдың қыркүйегінде аяқталуға тиіс еді. Алайда, құрылыс жұмыстары басталмаған, тіпті жобалық-сметалық құжаттамалар да дайындалмаған.

Бұған қоса облыстық әкімшіліктің жаңа ғимаратын салу жобасы мен Ил-Фараби алаңының маңында тұрғын үй ықшамауданын салу жобасы да тоқтап тұр. "Талан констракшн" фирмасы кезінде жер қазу жұмыстарын бастағанымен, одан әрі іс ілгері жүрмей қалды. "Біз әкімшілік құрылысын салуға қаржы қосу арқылы ғана атсалысуға тиіспіз", - деді А. Жетпісбаев.

Қаланың ескі бөлігінің аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу жобасы да жүзеге асқан жоқ. Ол жерде осыдан екі жыл бұрын үйлерді бұзу үшін тұрғындардан баспанасын сатып алу жұмыстары басталған болатын, енді ол жүзеге аспайтын секілді, Бірақ, А. Жетпісбаев облыстық бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталады деп сендірді. "Біз опера және балет театрын жаңалау жұмыстарын осы күзде аяқтаймыз. Жаңа филармония құрылысы алдағы көктемде аяқталады, ал Спорт сарайы мен Мұз сарайының жөндеу жұмыстары жаңа жылға дейін аяқталуға тиіс", - деді әкім.

А. Жетпісбаевтың айтуынша, қалалық әкімшіліктің басты мақсаты - жаңа "Нұрсат" ықшамауданының бірінші кезегін аяқтау. "Біз бірінші кезек бойынша барлық жұмыс көлемін биыл аяқталуға тиіспіз", -деді А. Жетпісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны