05.12.2016, 13:25 13994

Шымкенттегі Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінде конгресс өтті

Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінде Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "ХХІ ғасырдағы педагогика және психология: теория, әдіснама және тәжірибе" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінде Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "ХХІ ғасырдағы педагогика және психология: теория, әдіснама және тәжірибе" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Конгресте Европа мен Азия елдерініӊ педагогика және психология саласындағы озық тәжірибелер келтіріліп, ғылыми тұрғыда ұсыныс, пікірлер талқыланды.

Конгреске Ресей,Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттерінен жетекші мамандар шақырылыпты. Жиын барысында педагогикалық білім берудіӊ заманауи жағдайы, психология саласындағы мәселелер, ғылыми интеграция әдістері және психологияныӊ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар аясындағы даму деӊгейі сөз болды.

Профессор, педагогика ғылымдарыныӊ докторы Есенәлі Омарұлы былай дейді: "Жоғары технологиялар заманында аса білікті мамандар қажет. Олардыӊ ойлау қабілеті жоғары болып, өзі таӊдаған мамандығыныӊ қыр-сырын жетік білу шарт. Осы тұста біз психологиялық тұрғыда олардыӊ іс-әрекеттері және көзқарастарыныӊ қалыптасуына ықпал жасауымыз қажет. Мамандар өз кезегінде дәріс бергенде озық тәжірибелерді қолдана білуі тиіс."

Ауқымды саладағы өзге де маӊызды тұстар ғылыми секциялардыӊ отырысында талқыланды. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық білім берудіӊ психологиялық, педагогикалық аспектілері, трендтер мен технологиялар, оларды қолданысқа енгізу бойынша пікірлер баршылық.

Абай атындағы ҚҰПУ кафедра меӊгерушісі Ұлмекен Нұрғалиеваныӊ пікірінше: "Заман талабына сай біз де жаӊа мамандықтарды дайындаймыз. Медиация - сотқа дейінгі дауды шешу жолдары бойынша дәріс беріледі. Кәсіпорында және де ұжымдарда туындайтын мәселелерді сотқа дейін жеткізбей шешу бүгінде маӊызды".

Қазіргі заманда бәсекелестік қабілетке ие болу үшін педагог мамандар бір емес көптеген салалардан хабардар болуы керек. Көптеген бұрынғы мамандықтар ескіріп, жаӊаша көзқарасты талап етуде. Осыған байланысты университетте бірнеше ғылымныӊ түйілісінде білім игерген мамандар дайындау талабы қойылып отыр. Университет осы мақсатта педагогика мен заӊгерлік ғылымдарын қоса меӊгерген педагог-заӊгер мамандарды дайындауды қоға алып отыр.

Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгреске қатысушылар педагогика және психология саласындағы озық тәжірибелермен танысып қана қоймай, біліктілікті жоғарылату курстары, шеберлік сыныптары,семинар тренингтерде белсенділік танытты.

Конгресс аясында ғылыми-техникалық көрме ұйымдастырылған болатын. Іс-шараныӊ қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны