13.06.2008, 16:38 2724

Шымкенттегі қысқы маусымға дайындық қарқыны алаңдаушылық туғызып отыр - ОҚО әкімінің орынбасары

Шымкенттегі қысқы маусымға дайындық қарқыны алаңдаушылық туғызып отыр - ОҚО әкімінің орынбасары

Шымкент. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жылу маусымы басталғанға дейін екі насос станциясын салу қажет. Алайда, қазір тіпті олардың салынатын орындары да анықталмаған. Қалалық әкімдікте өткен отырыста осы жайында сөз қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жиналысқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мәжіт Тұрмағамбетов шешілмеген мәселелердің көптігіне және талқылау барысына көңілі толмады. "Менің Астанада қызмет істеген кезімде онды мынадай тәртіп болатын: жұмыс көлемінің 10 пайызы орындалмады ма, қызметіңізден кетесіз. Бұл лауазымды тұлғалардың жұмысының өнімділігіне игі әсер етті", - деп ескертті әкім орынбасары.

Шымкентте көп қабатты 1791 үй орталық жылу жүйесі арқылы жылытылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны