05.08.2008, 16:09 2109

Шымкенттегі "Қуатжылуорталық" ҚКК жағдай жылу желілерін қыс маусымына дайындауға кедергі келтіруі мүмкін - ҚКК қызметкерлері

Шымкенттегі "Қуатжылуорталық" ҚКК жағдай жылу желілерін қыс маусымына дайындауға кедергі келтіруі мүмкін - ҚКК қызметкерлері

Шымкент. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте бүгін "Қуатжылуорталық" ҚКК қызметкерлері облыстық әкімшілік ғимаратының жанында жиналып, жалақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қырықтан астам адам облыс басшылығымен кездестіруді талап етті. Олардың үшеуі облыстық әкімшілік ғимаратына кіруге рұқсат алып, облыс әкімінің орынбасары Мәжит Тұрмағамбетовпен кездесуге жіберілді. Икімнің орынбасары жұмысшылармен сұхбаттан кейін оқиғаның мән жайын үш күнде анықтауға уәде берді.

Жұмысшылардың журналистерге хабарлауынша, олар сәуір айынан бері жалақы алмаған. ҚКК қызметкерлерінің басым бөлігі жылыту маусымы аяқталған соң ақысыз демалысқа жіберіліп, қалғандары жалақыларын күтіп жұмыс істеп жүре берген.

"Қазір тамыздың басы. Ал жылу желілері әлі мүлдем дайындалған жоқ. Бұрын осы уақытта жұмыстардың 70-80% атқарылатын. Біз жалақы алмайынша жұмыс істемейміз",- деп мәлімдеді "Қуатжылуорталық" ҚКК қызметкерлері.

"Қуатжылуорталық" ҚКК қызмет көрсететін желілермен Шымкенттегі орталықтандырылған жылыту желісінің абоненттерінің 30% жылу алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны